12 жылдан кейінгі алтын: Төрехан Сабырхан Азиада чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.


02/10/2026
11:15 0

Қазақстан боксы үшін 12 жылдан кейінгі алтын

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалдық бәсекеде Иордания өкілі З. Ишашпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін бірауыздан қолдап, есепті 5:0 деп белгіледі. Осылайша Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды.

 

Бұл жеңістің Қазақстан боксы үшін тарихи маңызы бар. Төрехан Сабырханның алтын жүлдесі – ел боксшыларының Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейін алған алғашқы чемпиондық атағы.

 

Қазақстан құрамасының боксшылары бұған дейін 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында алтын медаль иеленген еді. Ал 2018 жылғы Джакарта және 2022 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында қазақстандық боксшылар чемпион атана алмады.

 

Осы салмақта Азия ойындарында кімдер чемпион атанған:

 

·        2014 жыл. Данияр Елеусінов (69 келі)

·        2010 жыл. Серік Сәпиев (69 келі)

·        2006 жыл. Бақыт Сәрсекбаев (69 келі)

·        2002 жыл. Геннадий Головкин (71 келі)

·        1998 жыл. Ермахан Ибраимов (71 келі)

·        1994 жыл. Қанатбек Шағатаев (71 келі)

 

фото: ҰОК

Поделиться

Нет комментариев.

02/10/2026 11:15
0

Уведомление